Меркі аудандық мәслихатының кезекті 58-ші сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

2026 жылдың 15 мамыры күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы М. Көкрекбаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті 58-ші сессиясы болып өтті.

Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен құқықтық тәртібіне қатысты 5 маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, депутаттар 2025 жылғы аудандық бюджеттің орындалу есебін тыңдап, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының эксплуатациялық жағдайын зерделеу қорытындыларын талқылады.

Сондай-ақ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №52-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Меркі ауданының 2026-2027 жылдарға арналған «Тәртіп тірегі — Меркі» профилактикалық іс-шаралар тұжырымдамасын іске асыру бағдарламасын бекіту және «Меркі аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін сайлау туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №17-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау барысында депутаттар тарапынан бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы мен қоқыс полигондарындағы заңнама талаптарының сақталуына қатысты сыни ескертпелер мен нақты ұсыныстар айтылды. Сессия қорытындысы бойынша қаралған барлық мәселелер аясында мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданып, жауапты органдарға тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-merke/press/news/details/1221228?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version