Егер микроқаржы ұйымымен микрокредит бойынша дау туындаса, микроқаржы омбудсманына жүгіне аласыз.
Микроқаржы омбудсманы – бұл қарыз алушылар мен МҚҰ-ға ымыралы шешім табуға көмектесетін тәуелсіз тұлға.
Омбудсман өтiнiштердi өтеусiз қарайды. Оның шешімі МҚҰ-ның орындауы үшін міндетті. Ағымдағы жылдың басынан бастап 30 сәуірдегі жағдай бойынша микроқаржы омбудсманының кеңсесіне 1 537 өтініш келіп түсті, бұдан басқа, телефон арқылы 1500-ден астам кеңес берілді.
Өтінішті қалай беру керек?
- ресми сайт арқылы: mfombudsman.kz
- электронды пошта арқылы: info@mfombudsman.kz
- кеңседе жеке өзі: Алматы қ., Мыңбаев көш., 53-ғимарат, 3-қабат, 321 кеңсе.
Қандай құжаттар қажет?
- омбудсманға жүгіну;
- қарыз алушының толтырылған сауалнамасы (үлгі сайтта қолжетімді);
- жеке басын куәландыратын құжат;
- микрокредит шарты, өтеу кестесі, қосымша келісімдер (бар болған жағдайда);
- микроқаржы ұйымына немесе талап ету құқығы берілген тұлғаға өтініш беру және олардың жауаптары (бар болған жағдайда);
- дербес деректерді өңдеуге және кредиттік есепті алуға келісім.
Микроқаржы омбудсманының байланыс нөмірлері:
+7 (727) 338 22 44
+7 (727) 338 22 25
Еске салайық, Қазақстанда микроқаржы омбудсманы институты 2024 жылдың 21 желтоқсанынан бастап енгізілген болатын.
Қосымша пайдалы материалдарды Fingramota.kz. сайтында алуға болады
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1221208?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау