МӨҢКЕ БИ АУЫЛЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шалқар ауданына қарасты Мөңке би ауылында жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Атап айтқанда, ауыл ішіндегі Желтоқсан және Ардагерлер көшелерінің автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Желтоқсан көшесі бойынша жөнделетін жолдың ұзындығы – 0,750 шақырым. Жобаға бөлінген қаражат көлемі – 94 076,6 мың теңге.

Сондай-ақ Ардагерлер көшесінің автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары да қолға алынған. Аталған көшедегі жолдың ұзындығы – 0,715 шақырым, бөлінген қаражат көлемі – 90 013,2 мың теңге.

Екі жоба бойынша мердігер мекеме – «Жалаугер-НС» ЖШС.

Аталған мердігер мекеме “Жалаугер-НС” ЖШС демеушілігімен Бейбітшілік көшесінің жолына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда аталған көшелерде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен атқарылып жатыр.

Жол инфрақұрылымын жаңарту – ауыл тұрғындарының күнделікті қатынасына қолайлы жағдай жасауға, елді мекеннің ішкі жол сапасын жақсартуға және ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1221268?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version