2026 жылғы 14 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «NEW GENERATION» облыстық IT фестивалі жоғары деңгейде өтті.
Фестивальге жалпы білім беретін мектептердің, оның ішінде арнайы (түзету) мектептерінің оқушылары мен студенттері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ барлық типтегі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, дарынды балаларды қолдауға қолайлы жағдай жасау, цифрлық технологиялар саласындағы құзыреттерін дамыту және дарынды жастарды ғылымға тарту арқылы білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Фестиваль барысында қатысушылар өздерінің IT бағытындағы тың жобаларын ұсынып, инновациялық идеялары мен заманауи технологиялық шешімдерін көрме форматында таныстырды. Көрме алаңында бағдарламалау, робототехника, жасанды интеллект, графикалық дизайн, мультимедиа және цифрлық әзірлемелер бағытындағы жұмыстар көпшілік назарына ұсынылды. Қатысушылар өз жобаларын таныстырып қана қоймай, тәжірибе алмасып, шығармашылық және техникалық қабілеттерін көрсетті. Өскемен қаласының мектептерінің оқушылары 11 жобамен қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/oouk/press/news/details/1220975?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау