Нұрдәулет Қилыбай «Отбасы банк» басшысымен тұрғын үй мәселесін талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 15 мамырда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Отбасы банк» акционерлік қоғамының төрайымы Ляззат Ибрагимовамен кездесу өткізді.

Басқосуда өңір тұрғындарын, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету, облыс әкімдігі мен «Отбасы банк» арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, тұрғын үй беру тетіктерін жетілдіру және кезекте тұрған азаматтарды кезең-кезеңімен баспанамен қамту мәселелері пысықталды.

Облыс әкімі өңірде тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын және ол жұмыстардың жалғасатынына сенім білдірді.

– Тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – біздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Әсіресе әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады. Бұл – өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты нығайтудың маңызды тетігі. Бұл бағыттағы кешенді жұмыстар ел игілігі жолында жалғасатынына сенім білдіремін– деді Нұрдәулет Қилыбай.

Кездесуде 2024-2025 жылдары атқарылған жұмыстар айтылды. 2024 жылы өңірде тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 941 пәтер сатып алынса, оның 869-ы халықтың әлеуметтік осал топтарына берілген. Ал 2025 жылы 565 пәтер сатып алынған.

Сонымен қатар 2026 жылға арналған жоспарлар қаралды. Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1229 пәтер сатып алу көзделген. Қазіргі таңда оның 68 пәтері сатып алынған.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1221410?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version