Молодежный кентінде спорт кешеніне, стадионға және БЖСМ-ге бару барысында стадионда жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне байланысты мәселелерді — қоршаулар мен трибуналардың үстіндегі шатырларды, сондай-ақ БЖСМ-нің кіреберіс тобын қарастырдық. Бұрын, 2022 жылы стадионда жөндеу жұмыстары жүргізілгені атап өтілді, алайда мердігер ұйым тарапынан жұмыстардың сапасыз орындалуы және кейінгі сот процестерінің нәтижесінде жекелеген нысандарды қайта қалпына келтіру қажеттігі туындаған.
Молодежный кентінің тұрғындарымен кездесу барысында, сондай-ақ жақын маңдағы ауылдық округтердің тұрғындары да пайдаланатын аурухананы жөндеу қажеттілігі, су қорғау аймағында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына қатысты жағдай және ауыр жүк көліктерінің қарқынды қозғалысы салдарынан бүлінген Родниковское ауылының кіреберіс жолын жөндеу мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, тұрғындар спорт кешені жанынан бассейнді қалпына келтіру немесе жаңа бассейн салу туралы ұсыныс білдірді.
Есіл ауылында тұрғындармен кездесу барысында жаңа көпірге асфальт төсеу және жарықтандыруды ұйымдастыру, елді мекен ішіндегі екі көшедегі жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, малға арналған алынбалы қоршаулары бар қоралар салу, сондай-ақ Тельман ауылынан Молодежный кентіне дейінгі жолды жөндеу мәселелерін талқыладық. Сонымен қатар, Центральное ауылында су құбыры желілерін салу қажеттілігі айтылды. Бұдан бөлек, электр энергиясын жеткізуші компанияның жұмысына байланысты электрмен жабдықтаудағы іркілістер, сондай-ақ қыс мезгілінде бір көшеде қар үйінділерінің алдын алу мақсатында қар тоқтату шараларын ұйымдастыру қажеттілігі атап өтілді.
Осакаровка кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің қызметімен таныстық. Сондай-ақ, Осакаров ауданының спорт мекемелерінде спорттық инфрақұрылымды дамыту және кадрлық мәселелерді шешу қажеттілігіне ерекше назар аудардық.
Осакаровка кентінің тұрғындарымен кездесуде елді мекенді газдандыру мерзімдері мәселесі көтерілді. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізіліп жатқаны, алайда республикалық бюджеттен қаржыландырудың жеткіліксіздігі мәселесі сақталып отырғаны атап өтілді. Сондай-ақ тұрғындар бұрын салынған тұрғын үйлерге электр, су және кәріз желілерін тарту қажеттігін атап өтті. Жоба әзірленуде және қаржыландыру мәселелерінде қолдауды қажет ететіні хабарланды. Сондай-ақ кездесу барысында Үлкен Құндызды өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту, Топан-Николаевка-Роднички автожолына жөндеу жүргізу және жоспарланып отырған кірпіш зауытына электрмен жабдықтау желілерін тарту мәселелері де көтерілді. Сонымен қатар, тұрғындар ойын алаңын салу туралы өтініш білдірді.
Жұмыс сапары барысында азаматтарды жеке қабылдау өткіздім, оның аясында кент тұрғындары өздерін толғандыратын сұрақтар мен ұсыныстарды айта алды.
Кездесулер барысында көтерілген спорт нысандарына қатысты барлық түйткілді мәселелер облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізіледі, ал тұрғындардың өтініштері одан әрі шешу жолдары мен оларды іске асыру тетіктерін әзірлеу үшін бақылауға алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-osakarovka/press/news/details/1220720?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау