Екпінді ауылдық округі әкімшілігінде Аналар күні, Әкелер күні және Отбасы күні мерекелеріне орай «Отбасы – басты байлық» атты тағылымды кездесу өтті.
Тағылымы мол шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту, ұлттық тәрбие мен отбасылық өнегені насихаттау болды.
Кездесуге ауылымыздың көпбалалы аналары, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері арнайы қонақ ретінде қатысып, өз өмірлік тәжірибелерімен, бала тәрбиесіндегі ұстанымдары және отбасы бірлігінің маңыздылығы жайлы әсерлі ой-пікірлерімен бөлісті.
Шара барысында қатысушыларға отбасы құндылықтарына байланысты арнайы сұрақтар қойылып, әр ата-ана өздерінің өмірден түйген тағылымды әңгімелерін ортаға салды. Әсіресе, бала тәрбиесі, үлкенге құрмет, кішіге ізет, ата-ананың отбасындағы рөлі мен берекелі шаңырақтың маңызы кеңінен сөз болды.
Кездесу барысында қатысушылар отбасындағы татулық пен түсіністік – қоғамның тұрақтылығы мен ел болашағының берік негізі екенін атап өтті. Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүр мен тәрбиенің жас ұрпақ бойына сіңуі ең алдымен отбасыдан басталатығы жайлы мазмұнды пікірлер айтылды.
Тағылымды кеш соңында қатысушылар ұйымдастырылған шараның тәрбиелік мәні зор екенін айтып, осындай мазмұнды кездесулердің жас ұрпақ тәрбиесінде маңызы ерекше екенін жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-ekpindi/press/news/details/1221380?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау