Петропавл полицейлері заңсыз қоқыс үйінділері туралы хабарлауға шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Петропавлда ірі көлемді қоқысты заңсыз төгу дерегі учаскелік полиция инспекторының бейнемониторинг жүргізуі кезінде анықталды. Бір отбасы ескі жиһаздарды қоқыс контейнерлерінің жанына шығарып тастаған. Қазіргі уақытта құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін полиция материал жинауда.

«Қоқыс шығаратын мердігер ұйымдар тұрмыстық қалдықтарға жатпайтын ескі жиһазды, тұрмыстық техниканы және басқа да ірі көлемді заттарды келісімшарт бойынша алып кетпеуге тиіс екенін тұрғындар білуі қажет, — дейді СҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин. — Заң бойынша ірі көлемді қоқысты тұрғындар өздері кәдеге жаратуы керек».

Полицейлер бұл талаптарды тұрғындармен кездесулер мен жиындарда түсіндіруде. Сонымен қатар олар кез келген құқық бұзушылық, соның ішінде заңсыз қоқыс үйінділері туралы ikomek.kz сервисі және Halyk пен Kaspi банктік қосымшаларындағы, eGov.mobile жүйесіндегі «Заң және Тәртіп» сервисі арқылы хабарлауға болатынын еске салады. Аталған сервис «102» омниканалды қосымшасы сияқты кең мүмкіндіктерге ие және полицияға құпия түрде, кез келген ыңғайлы форматта жүгінуге мүмкіндік береді.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында жүргізіліп жатқан бұл жұмыстың басты мақсаты — қоғамдық орындардағы тазалықты қамтамасыз ету. Жыл басынан бері тек Петропавлдың өзінде абаттандыру қағидаларын бұзудың 2406 фактісі, ал облыс бойынша 6809 дерек анықталды.

Полицейлер облыс тұрғындарын бейжай қалмауға, заң талаптарын сақтауға және елді мекендердің тазалығы мен санитарлық жағдайын жақсартуға үлес қосуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1221590?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version