Департамент басшысының орынбасары Б.Досымов әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үш жақты комиссияның кезекті отырысына қатысты.
Комиссия отырысында Болат Досымов Еңбек тәуекелдер картасына сәйкес әлеуметтік-еңбек дауларын болдырмау бағытында қабылданып жатқан алғышарттарға тоқталып, Қызылорда қаласы бойынша жоғары және орта тәуекелі бар кәсіпорындарда міндетті төлемдердің уақытылы жүргізулмеуі салдарынан қалыптасып отырған ахуалды атап өтті.
Сонымен қатар әлеуметтік төлемдер бойынша төлемшілер санын көп төмендетуге жол берген кәсіпорын өкілдерінің есептері тыңдалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1221445?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау