Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері мен жаңашылдықтары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясын түсіндіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды іске асыру шеңберінде ұйымдастырылып, конституциялық өзгерістерді бірыңғай түсінуді қалыптастыруға, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын арттыруға бағытталды.

Кездесу барысында мемлекетті дамытудың заманауи тәсілдерін, әділеттілік, заңдылық және құқық үстемдігі қағидаттарын нығайтуды айқындайтын Негізгі заңның негізгі өзгерістері қарастырылды.

Атап айтқанда: – адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығына; – дербес деректерді қорғау және жеке өмірге қол сұғылмаушылық кепілдіктерін күшейтуге; – мемлекеттік органдар қызметіндегі адамға бағдарланған тәсілді дамытуға; – заңдылық пен «Заң және Тәртіп» қағидатын нығайтуға; – мемлекеттің әлеуметтік бағытын бекітуге; – азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге қатысты нормаларға ерекше назар аударылды.

Денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдықтар да жеке талқыланды. Атап айтқанда, Конституцияда азаматтар үшін заңда белгіленген шектерде тегін медициналық көмек көрсетуге қатысты жаңа тәсіл бекітілгені атап өтілді. Бұл өзгерістер құқықтық айқындықты арттыруға және денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталғаны айтылды.

Іс-шара барысында ақпарат конституциялық нормалардың практикалық маңызын және олардың азаматтардың күнделікті өміріне ықпалын түсіндіре отырып, қолжетімді форматта ұсынылды.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға және Қазақстан Республикасының Конституциясына елдің Негізгі заңы ретінде құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kmfk/press/news/details/1220550?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version