2026 жыл 13 мамыр күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов, Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының бас маманы Б. Тұрғанбай және Жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшы орынбасарының м.у.а. Қ. Серікбаймен «Еркіндік рухы» жобасы аясында кездесу өтті.
Кездесу барысында ҚР Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №1081 Жарлығымен бекітілген ішкі саясаттың негізгі қағидалары, сондай-ақ азаматтардың азаматтық және саяси құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар жастарды қолдау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдағы белсенділігін күшейту және өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Кездесу барысында «Еркіндік рухы» жобасының комиссия құрамына мүшелер енгізу мәселесі қаралып, алдағы уақытта бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру бойынша ұсыныстар талқыланды.
«Еркіндік рухы» жобасының мақсаты – жастардың еркін ойлауын дамыту, құқықтық мәдениетін нығайту және қоғам өміріне белсенді қатысуына қолдау көрсету.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1221107?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау