2026 жылғы 15 мамырдан бастап жыл сайын өткізілетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталады. Конкурстың мақсаты – отбасы институтын нығайту, адамгершілік және мәдени құндылықтарды насихаттау, ата-ананың еңбегінің мәртебесін арттыру және үлгілі отбасы бейнесін қалыптастыру.
Конкурсқа әртүрлі салада жетістіктерге жеткен отбасылар қатыса алады:
– Еңбек және кәсіби қызмет саласы
– Спорт, ғылым, мәдениет және өнер саласы
– Шығармашылық және зияткерлік сала
– Қоғамдық маңызы бар және волонтерлік қызмет саласы
Конкурсты өткізу мерзімі:
– Аудандық кезең – 2026 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығы.
Қосымша сұрақтар бойынша Успен ауданының ішкі саясат бөліміне 87051782337 ұялы телефоны арқылы хабарласуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-uspenka/press/news/details/1221278?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау