2026 жылғы 15 мамырда ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің СҚО бойынша департаменті “Мемлекеттік аннуитеттік компания “Өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ — мен (бұдан әрі – “МАК “ӨСК” АҚ) бірлесіп, “МАК” ӨСК ” АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Деркач Оксана Григорьевнамен ZOOM платформасы арқылы онлайн өткізілді- Есіл ауданының жұмыс берушілер өкілдерімен семинар.
Іс-шара шеңберінде қатысушыларға Қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары түсіндірілді. Сондай-ақ жұмыс берушілердің қызметкерлерді сақтандыру бойынша қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері, міндетті сақтандыру шарттарын жасасу тәртібі және белгіленген талаптарды сақтамау салдары қаралды.
Семинар барысында өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтау бөлігінде жұмыс берушілердің жауапкершілік деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар соңында жұмыс берушілердің өкілдері қызықтырған сұрақтарын қойып, қарастырылып отырған тақырыптар бойынша толық түсініктемелер алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1220800?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау