Ақтөбеге жұмыс сапары аясында Комитет төрағасы обаға қарсы станция мен Ұлттық сараптама орталығының филиалының қызметімен танысты.
Сапар барысында мекемелер ұжымдарымен, сондай-ақ облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлерімен кездесулер өтті. Талқылаулар аясында алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды. Кадрлық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны нығайту және инфрақұрылымды одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар жазғы маусымға дайындықты күшейту, балалар демалысы нысандарына санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз ету, тамақтандыруды ұйымдастыру және тамақтан уланудың алдын алу бойынша тапсырмалар берілді.
Сапар соңында Сархат Бейсенова Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың санитариялық-карантиндік пунктіне барып, мамандардың жұмысымен және бөлімшенің жабдықталу деңгейімен танысып, олардың қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығының маңыздылығын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1221386?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау