2026 жылғы сәуірде 176,5 мың автокөлік құралы есепке қойылды. Оның ішінде 154,2 мыңы – жеңіл автомобильдер, 11,3 мыңы – жүк көліктері, 1,5 мыңы – автобустар, 1,9 мыңы – мото көлік, 4,4 мыңы – тіркемелер және 3,3 мыңы – өзге көлік құралдары.
2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 5 981,6 мың автокөлік құралы тіркелген. Оның 83,9% – жеңіл автомобильдер, 8,2% – жүк көліктері, 4,4% – тіркемелер, 1,5% – автобустар, 1,2% – мото көлік және 0,8% өзге көлік құралдары құрайды.
Автопарктің жас құрылымы бойынша 20 жылдан асқан көлік құралдарының үлесі басым – 45,1%. Ал 10 жылдан 20 жылға дейінгі көліктер – 26,6%, 3 жылдан 7 жылға дейінгілері – 9,4%, 7 жылдан 10 жылға дейінгілері – 4%, 3 жылдан аз уақыт пайдаланылған көліктер – 14,6%, ал 0,3% – өзге санатқа жатады.
20 жылдан асқан автокөліктердің ең көп саны Алматы облысында – 337,9 мың бірлік, Алматы қаласында – 226,7 мың бірлік, Жамбыл облысында – 206,3 мың бірлік және Қарағанды облысында – 192,8 мың бірлік тіркелген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/1221314?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау