Сандықтау ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сандықтау ауданында кең ауқымды республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.
Іс-шараға «Аманат» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов пен облыстық мәслихат депутаты Умар Шоназаров қатысты.
Акция аясында қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, 125 түп қарағай көшетін отырғызды. Бастамаға мемлекеттік органдардың өкілдері, спортшылар мен белсенді жастарды қоса алғанда, 200-ден астам адам қатысты.
Айта кетейік, акция басталғалы аудан бойынша 5000 түп ағаш көшеті отырғызылды.
Бірлескен күш-жігердің арқасында ауданның көгалдандырылуына үлес қосылып, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті нығайтуға мүмкіндік туды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1220600?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version