САРЫАҒАШ: АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ ДАЛА ӨРТІНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауылдық округтерде дала өрттерінің алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан минералды жер жырту жұмыстарының нәтижесін саралады. Аудан аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи апаттардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Жылға ауылдық округінде Шеңгелді, Шымырбай, Жылға, Қарақалпақ, Қызыласу және Шайхана елді мекендерінің аумағындағы шаруашылық маңызы бар жолдардың бойында минералды жер жырту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жалпы ұзындығы 450 шақырым аумақта өртке қарсы қорғаныс жолақтары жасақталды.

Ал Дарбаза ауылдық округінде 2026 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында бюджет қаражаты есебінен өрттің алдын алу мақсатында 196,3 шақырым жер жырту жұмыстары атқарылды.

Аудан әкімі жауапты сала басшылары мен ауыл әкімдеріне өрт қауіпсіздігі шараларын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1221585?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version