Семей қалалық мәслихатында депутат Равиль Сабитов азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында қала тұрғыны тұрғын үй беру мәселесі бойынша өтініш білдірді. Өтініш мұқият тыңдалып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірулер мен мәселені одан әрі қарау тәртібі бойынша ұсынымдар берілді.
Азаматтардың өтініштерімен жұмыс депутаттық корпустың тұрақты бақылауында және тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге жәрдем көрсетуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1221375?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау