ШАЛҒАЙ ЕЛДІМЕКЕНДЕРГЕ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІН ТАРТУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының шалғай аудандарын сапалы интернет желісімен, оның ішінде талшықты оптикамен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда.

Осы мақсатта жеке инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп, 2021 жылдан бері 80-ге жуық елдімекен талшықты оптика желісімен қамтылды.

Нәтижесінде 500 мыңға жуық қала тұрғыны жоғарғы жылдамдықты интернет желісіне қосылуға мүмкіндік алды.

Биыл бұл бағыттағы жұмыс Алтынтөбе, Исфиджаб, Жиделі, Қайнарбұлақ елдімекендерінде қолға алынып, Исфидждаб және Жиделіге кең жолақты интернет желісі тартылды. Бүгінгі таңда Жиделі тұрғын алабындағы 800 үйге интернет желісіне техникалық қосу мүмкіндігі қамтамасыз етілді.

Алдағы уақытта Алтынтөбе және Қайнарбұлақ елдімекендеріне кең жолақты интернет желісін жүргізу жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1220626?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version