Шегірткеге қарсы фитосанитариялық жұмыстарға дайындық барысы тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 15 мамыр күні шегіртке тұқымдас зиянкестерге қарсы жүргізілетін фитосанитариялық жұмыстарға қатысатын өңдеу техникаларының дайындығы демонстрациялық түрде тексерілді.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Қ.Ш. Айтмұхамбетов, облыстық және аудандық аумақтық инспекциялардың, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылары мен мамандары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы облыстық филиалының энтомолог мамандары мен мердігер компаниялардың өкілдері қатысты.

Аталған шараға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы С.Ә. Қаныбеков арнайы қатысты.

Тексеру барысында техникалардың дайындығы, дәрі-дәрмек қоры, мамандардың жұмысқа әзірлігі және ұйымдастыру мәселелері жан-жақты пысықталды.

Шара барысында алда тұрған фитосанитариялық өңдеу жұмыстарын ұйымшылдықпен әрі жоғары жауапкершілікпен жүргізу қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар, жұмыстарды сапалы әрі уақтылы орындауды қамтамасыз ету, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау және барлық процесті тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Еске сала кетсек, биыл облыс аумағында шегірткелерге қарсы жалпы 455,0 мың гектар жерді өңдеу жоспарланған. Оның ішінде үйірлі шегірткелерге қарсы 229,3 мың гектар, ал саяқ шегірткелерге қарсы 225,7 мың гектар жерді өңдеу болжануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-auyl/press/news/details/1221508?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version