Өңір экономикасында ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының дәстүрлі басымдығына қарамастан, жалпы өңірлік өнімді (ЖӨӨ) қалыптастырудағы шағын және орта бизнестің үлесі кезең-кезеңімен артып келеді.
Саланың даму көрсеткіштерінің бірі – облыс экономикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) үлесі. Биылғы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша өңірде 58 мыңнан астам жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Бұл аймақтағы іскерлік белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетеді.
Мемлекеттік қолдау шараларын кешенді түрде жүзеге асыру шағын және орта кәсіпкерлік секторының тұрақты дамуын қамтамасыз етті. Бұл саланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің оң динамикасынан айқын байқалады.
Атап айтқанда, ШОК субъектілерінің инвестициялық әлеуеті белсенді түрде артып келеді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 134 млрд теңгені құрап, инвестициялардың нақты көлем индексі 121,5%-ға жетті.
Шағын және орта кәсіпкерлік секторы бюджетке 61 млрд теңгеден астам салық түсімдерін қамтамасыз етті. Түсімдердің 23,5%-ға өсуі салық базасының кеңейіп, кәсіпкерлік белсенділіктің тұрақты дамып келе жатқанын дәлелдейді.
Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндіріс көлемі 1887 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Өндірістегі оң динамика нақты көлем индексінің 121,6%-ды құрауымен расталады. Ал әлеуметтік тиімділігі 157 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту арқылы көрініс тапты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kasipkerlik/press/news/details/1220982?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау