Шу ауданында қауіпсіздік тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шу ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Сейфуллин атындағы орта мектеп пен №40 орта мектеп оқушыларымен өрт қауіпсіздігі және шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға өрт қауіпсіздігі талаптары, өрт кезіндегі іс-қимыл тәртібі, тұрмыста электр құралдарын пайдалану ережелері және су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер мен жедел қызметтердің байланыс нөмірлері еске салынды.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1220916?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version