Шымкент қаласы ТЖД-да отбасы күніне орай кездесу ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде «Мықты отбасы – қоғамның берік тұғыры» тақырыбында дөңгелек үстел жиыны өтті. Іс-шараға департаменттің жас қызметкерлері отбасыларымен бірге қатысты.

Жиынның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, жас отбасыларды қолдау, қоғамдағы отбасының маңызын насихаттау және қызмет пен отбасы арасындағы үйлесімділікті нығайту болды.

Шараға арнайы шақырылған қонақ – «Қазақстан Республикасының Әйелдер Республикалық Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Шымкент қаласы әкімінің гендерлік саясат бойынша кеңесшісі Баян Айтбековна Жандосова қатысты.

Кездесу барысында отбасы институтын нығайту, ұлттық тәрбие, отбасындағы сыйластық пен жауапкершілік мәселелері талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, отбасының қоғамдағы орны мен маңызы туралы ой бөлісті.

Іс-шара жылы әрі тағылымды атмосферада өтіп, жас отбасыларға рухани қолдау мен өнеге сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1221389?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version