Халықаралық отбасы күні Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері мен ардагерлері тыл еңбеккері, ҚР ІІМ-нің құрметті ардагері, 97 жастағы Владимир Ипполитовтың шаңырағына барды.
Владимир Терентьевич пен оның жұбайы, педагогика саласының ардагері Раиса Алексеевна 71 жылдан бері бірге өмір сүріп келеді. Олар осы уақыт ішінде отбасында ұрыс-керіс пен түсініспеушілік болмағанын мақтанышпен айтады.
«Бір-бірімізді ешқашан кінәлаған емеспіз, әрдайым түсіністікпен және құрметпен қарадық», — дейді зейнеткерлер отбасылық татулықтың сыры туралы.
Полицейлер мен ардагерлер ұйымының өкілдері қарт ерлі-зайыптыларды жылы құттықтап, алғыс хат, гүл шоқтары мен естелік сыйлық табыстады.
Владимир Терентьевич милиция майоры атағына дейін көтеріліп, облыстық ІІБ-нің аға кезекші инспекторы қызметінен зейнетке шыққан. Бұл — тек тәжірибелі қызметкерлерге сеніп тапсырылатын жауапты лауазымдардың бірі.
Тәулік бойғы кезекшіліктің ауыртпалығы мен жоғары жауапкершілік мұндай қызметті атқару үшін сенімді отбасы тірегін қажет етеді.
Құрметті жасына қарамастан, Ипполитовтар отбасының жанарында 71 жылдан бері олардың шаңырағын жылытып келе жатқан мейірім мен сүйіспеншіліктің шуағы әлі де сақталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1221594?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау