2026 жылғы 29 сәуірде Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А.А. Исенгельдин басқарма қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңнаманы қатаң сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері қарастырылды. Қызметкерлер арасында «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен қызметтік жауапкершілік түсіндіріліп, ішкі тәуекелдерді талдау және құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1221430?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау