Түркістан облысында демалыс аймағын тазалаған полицейлер мен еріктілер 30 қап қоқыс шығарды. Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.
Осы мақсатта полицейлер Жастар ресурстық орталығының белсенді жастары және еріктілермен бірлесіп, Хантағы қорығы аумағында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Қатысушылар табиғи аумақта жиналған тұрмыстық қалдықтарды тазалап, қорық аумағын ретке келтірді.
Экологиялық акция барысында Хантағы қорығынан 30 қап қоқыс шығарылды. Полицейлер мен еріктілердің бірлескен еңбегінің нәтижесінде табиғи аймақтың тазалығы қалпына келтіріліп, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды жұмыстар атқарылды.
Сонымен қатар тұрғындар мен демалушыларға қоғамдық орындарда тазалық сақтау, табиғатты аялау және экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 150 ақпараттық жадынама таратылды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1221117?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау