Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Е.Ақбай үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысын өткізді.
Бүгінде облыстағы бірқатар азаматтық қоғам ұйымдары дін мәселелеріне көңіл бөліп, өз жұмыстарын атқаруда. Олардың ішінде: «Ақниет» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы» ҚБ; «Әулие-ата Озат» қоғамдық қоры; «Жийде» қоғамдық қоры; «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ЖҚБ; «Феникс» адам құқықтары жөніндегі қоғамдық бірлестігі және т.б. бар.
Бұл атқарылған жұмыстар облысымызда мемлекеттің дін саласындағы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын мемлекеттік-конфессиялық қатынас пен тәжірибені одан ары нығайтуға, тұрғындардың діни төзімділігі мен діни сауаттылығын арттыруға, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға септігін тигізеді.
Бұл ретте, әлеуметтік жобалардың тақырыптық тізбесі мен талаптары әлеуметтік зерттеулер мен орталық атқарушы және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып жасақталуда.
Осы ретте, облыстағы дін саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстармен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен жылда бір отырыс өткізу қолға алынған.
Аталған кездесулерде қатысушы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен өкілдерінің ұсыныстары тыңдалып, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы азаматтық қоғам институтының рөлі және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі өзекті мәселелер талқыланады.
Жалпы, әлеуметтік жобаларды жеңіп алған үкіметтік емес ұйымдармен ұйымдастырылған жобалар бойынша оң жұмыстар қалыптастырылған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-din/press/news/details/1220944?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау