Еуропалық иммундау апталығы аясында «Вакциналар әр ұрпақ үшін жұмыс істейді» ұранымен Қарағанды бөлімшелік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Балқаш Әуежайы» ЖШС қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты — вакцинацияның маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алуда иммундаудың тиімділігін түсіндіру. Семинар барысында мамандар вакцинацияның әр ұрпақ денсаулығын қорғаудағы рөліне тоқталып, оның жұқпалы аурулардың алдын алудағы негізгі әдістердің бірі екенін атап өтті. Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу соңында қызылша және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алуда вакцинацияның маңыздылығы туралы жадынамалар мен буклеттер таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1220595?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау