Жамбыл облысында көліктерді заңсыз қайта жабдықтау фактілері анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Жамбыл облысы аумағында автокөліктерді заңсыз қайта жабдықтауға қатысты рейдтік іс-шаралар жалғасуда. Атап айтқанда, қосымша жанармай бактарын заңсыз орнату деректері тексерілуде.

     Мұндай өзгерістер жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, кей жағдайларда көліктерді заңсыз пайдалану тәуекелін арттырады.

     Соңғы екі апта ішінде полиция қызметкерлері қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатқан 22 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олардың қатарында көршілес мемлекет азаматтары да бар.

     Барлық заң бұзушылықтар сол жерде тоқтатылып, көліктер бұзушылықтар толық жойылғанға дейін арнайы айып тұрағына орналастырылды.

     Сонымен қатар көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтағаны және тиісті рұқсат құжаттарынсыз қызмет көрсеткен техникалық қызмет көрсету станцияларының иелеріне де әкімшілік шаралар қолданылуда.

     Еске саламыз: көлік құралының конструкциясына енгізілетін кез келген өзгеріс заңда белгіленген тәртіппен міндетті түрде келісіліп, тіркелуі тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1220900?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version