Жаңаөзен қаласында маусымдық дайындық жұмыстары пысықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Жаңаөзен қаласы әкімінің міндетін атқарушы Мақсат Мұқаштың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті. Кеңесте 2026-2027 жылғы күзгі-қысқы маусымға дайындық жұмыстарының барысы қаралды.

Жиында «ӨзенИнвест» МКК директоры Әділет Сәми қаладағы сыртқы су және кәріз жүйелерін жөндеу, кәріз тазарту және су тазалау имараттарындағы жоспарланған жұмыстар жөнінде баяндады. Атап айтқанда, «Шұғыла», «Бостандық», «Мамыр», «Көктем» шағын аудандарында және бірқатар көшелерде ауыз су және кәріз желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар, Қызылсай ауылындағы сорғы станциялары мен су тазалау ғимараттарында қажетті техникалық жаңғырту және жөндеу шаралары жүзеге асырылады.

«ӨзенЖылу» коммуналдық кәсіпорнының бас инженері Әділбек Рубилов 2026-2027 жылу беру маусымына дайындық жұмыстары туралы баяндады. Оның айтуынша, өткен жылу маусымы штаттық режимде өтіп, тұрғындар мен әлеуметтік нысандар жылумен тұрақты қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда қазандықтарды жаңарту, жылу желілерін ауыстыру, гидравликалық сынақ жүргізу және инженерлік жүйелерді ретке келтіру бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, шағын қазандықтарға резервтік дизельдік генераторлар орнатылып, жылу желілерін жаңғырту жобалары кезең-кезеңімен іске асырылуда.

Жиында «Таза Жаңаөзен» МКК директоры Бағдат Тұрлыбек кәсіпорынның санитарлық тазалау және абаттандыру бағытындағы жұмыстары жөнінде есеп берді. Бүгінде кәсіпорын тарапынан қала көшелерін санитарлық тазалау, жол жиектерін ретке келтіру, қоқыс шығару және абаттандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Сонымен қатар, арнайы техникалар паркін толықтыру, контейнерлік алаңдарды жаңғырту және қосымша жұмыс күшін тарту мәселелері көтерілді.

Жиын барысында коммуналдық саладағы өзекті мәселелер мен инфрақұрылымдық жобалардың орындалу барысы талқыланып, жауапты мекемелерге күзгі-қысқы маусымға сапалы дайындық жұмыстарын уақытылы аяқтау бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1220896?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version