Жітіқарада мемлекеттік тілді оқыту және жасанды интеллект мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімінің ұйымдастыруымен 13 мамыр күні «Мемлекеттік тілді заман талабына сай оқыту: әдіс, тәжірибе алмасу. Жасанды интеллекті қолдану» атты  семинар-тренинг өтті.

 

Маңызды іс-шараға Жиынға Рудный, Лисаков қалалары мен Қамысты, Қарасу, Меңдіқара, Сарыкөл аудандарының тілдерді оқыту орталықтарының басшылары мен оқытушылары , өңірдегі тіл саясатына жауапты тұлғалар мен білікті мамандар қатысты.

 

Семинардың ашылуында Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Фархад Балашов құттықтау сөз сөйлеп, тіл саясатын жергілікті деңгейде жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының бөлім басшысы Кенжеғали Бимағанбетов  тілдерді дамытудың стратегиялық басымдықтарына тоқталды.

Облыстық «Тілдарын» орталығының әдіскері Базаркүл Ахметжанова өңірдегі тіл мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру мәселелері бойынша өз ойын ортаға салды.

Семинарға арнайы шақыртылған А. Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университеттің спикерлері өзекті тақырыптарда баяндама жасады:

  • Қалыбек Мәуленов (Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект кафедрасының меңгерушісі) – оқыту үдерісіндегі жаңа технологиялар туралы;
  • Нұргүл Әубәкірова (Психология кафедрасының аға оқытушысы) – тіл үйренудің психологиялық аспектілері туралы.

 

Тәжірибелік бөлімде Жітіқара аудандық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Аякөз Мнайдарова қатысушыларға арналған шеберлік сағатын өткізді.

Қатысушылар ой бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты. Бұл басқосу мемлекеттік қызметшілер мен сала мамандарының байланысын нығайтып, қазақ тілін заманауи технологиялар арқылы оқытудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашатынына сенеміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/1220936?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version