Жыл басынан бері 200-ден астам құқық бұзушы жолаушылар пойыздарынан түсірілді – Көліктегі ПД

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жолаушылар пойыздарында жасалған 255 құқық бұзушылықты анықтады.

Статистикаға сәйкес, құқық бұзушылықтардың басым бөлігі алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынумен байланысты. Осындай 225 дерек тіркелген. Сонымен қатар 17 ұсақ бұзақылық фактісі және өзге де құқық бұзушылықтар анықталды.

Мәселен, Бейнеу станциясында көлік полицейлері «Маңғыстау – Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызынан пойыз бастығының актісімен Қызылорда облысының 35 және 44 жастағы екі тұрғынын түсіріп алды. Аталған азаматтар вагонда алкогольдік ішімдік ішіп, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған және өзге жолаушыларға қолайсыздық туғызған.

Құқық бұзушылар қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды. Сондай-ақ ұсталғандардың бірінің бұған дейін де осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Көліктегі ПД азаматтарды айналасындағыларға құрметпен қарап, сапар барысында тәртіпті сақтауға шақырады. Ведомство өкілдері алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну көбіне құқыққа қайшы әрекеттерге себеп болып, жолаушылар қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін еске салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1221338?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version