2026 жылдың 14-15 мамыр аралығында Қарлығаш жазғы лагерінде аудан мектептерінің 10-сынып оқушылары арасында дәстүрлі далалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайту, алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру, сондай-ақ жауапкершілік пен тәртіпке баулу болды.
Оқу-жаттығу барысында қатысушылар саптық дайындық, тактикалық әрекеттер, алғашқы медициналық көмек көрсету, азаматтық қорғаныс, әскери нормативтерді орындау және командалық жұмыстар бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Сонымен қатар, оқушылар түрлі спорттық және әскери-патриоттық сайыстарға қатысып, өзара ұйымшылдық пен белсенділік танытты.
Жиын екі күн бойы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар үшін пайдалы әрі есте қаларлық тәжірибе алаңына айналды. Осындай шаралар жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын қалыптастырып, ел болашағына деген жауапкершілігін арттыруға үлкен үлес қосады.
Далалық оқу-жаттығу жиынына атсалысқан ұйымдастырушыларға, мектеп әкімшіліктеріне, жетекшілер мен мұғалімдерге алғыс білдіреміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/1221731?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау