Облыс тұрғындары өңір басшысы Асхат Шахаровқа тұрғын үй, жер учаскесін беру, әлеуметтік қолдау көрсету және коммуналдық мәселелерді шешуге қатысты сұрақтармен жүгінді.
Актөбеліктер қалалық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін, соның ішінде көлік қатынасы, көшелерді жарықтандыру және коммуналдық түйткілдерді көтерді. Атап айтқанда, Кірпішті тұрғын алабына автобус қатынасына қатысты мәселелер, сондай-ақ Целинная көшесін жарықтандыру жайы талқыланды.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау, оның ішінде жеке бизнесін ашу және дамытуға жәрдемдесу мәселелері қозғалды. Азаматтар жұмысқа орналасуға көмектесу, кешіктірілген жалақыны алуға ықпал ету және еңбекке қатысты өзге де мәселелерді шешуге қолдау сұрады.
Бұдан бөлек, маусымдық сауда үшін жер учаскелерін бөлу мәселелері де көтерілді.
Қабылдау барысында мемлекеттік органдар мен басқарма басшылары әрбір өтініш бойынша түсініктеме беріп, оларды шешудің ықтимал жолдарын түсіндірді.
Кездесу қорытындысы бойынша Асхат Шахаров тиісті ведомстволарға барлық өтінішті қолданыстағы заңнама аясында қарастырып, қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1221651?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау