Ақмола облысында «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінің деректерін өзектендіру жұмыстары аясында D (дағдарыстық) және E (шұғыл) санаттарына жатқызылған отбасылар санын азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Қазіргі уақытта «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде Ақмола облысы бойынша 269 906 отбасыға біріктірілген 770 075 азамат туралы мәліметтер қамтылған. Отбасылардың жалпы санының ішінде D және E санаттарына жататын 58 777 отбасы бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл жалпы отбасылар санының 21,8 %-ын құрайды.
Апта сайын Отбасының цифрлық картасы деректерін өзектендіру жөніндегі облыстық штаб отырыстары өткізіледі. Осы жұмыс аясында Целиноград ауданына іссапар ұйымдастырылды.
Целиноград ауданының Ақмол ауылында Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллинаның төрағалығымен ауылдық округ әкімдері мен Отбасының цифрлық картасы деректерін өзектендіру жөніндегі аудандық штаб мүшелерінің қатысуымен оқыту семинар-кеңесі өтті.
Іс-шара Целиноград ауданында Отбасының цифрлық картасы деректерін өзектендіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың сапасын арттыру және іс-шаралардың тиімділігін күшейту мақсатында өткізілді.
Семинар барысында қатысушыларға отбасылардың әлеуметтік әл-ауқат деңгейін айқындау, ауылдық округ әкімдерінің цифрлық жұмыс орнын ұйымдастыру, сондай-ақ жұмыспен қамту, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу және сүйемелдеу мәселелері бойынша әдістемелік түсіндірмелер берілді.
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл, мемлекеттік қолдау шараларын қажет ететін отбасыларды уақытылы анықтау, сондай-ақ халықпен атаулы жұмыстың сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Оқыту семинар-кеңесінің қорытындысы бойынша осы бағыттағы жұмысты күшейту жөнінде тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1221758?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау