Жетісу облысында «Халық заңгері» акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп «Халық заңгері» акциясын өткізді.

Шара халыққа құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беруге, сондай-ақ өзекті өмірлік мәселелерді жедел реттеуге жәрдемдесуге және ведомствоаралық ден қоюды талап ететін жүйелі сұрақтарды анықтауға бағытталған.

Қабылдау барысында азаматтарға қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, тұрғын үй, еңбек және қылмыстық құқық мәселелері бойынша кеңестер берілді. Кешенді қарауды талап ететін жекелеген өтініштер құзыретті органдар өкілдерінің қатысуымен зерделеніп, оларды әрі қарай қарау тәртібі айқындалды.

Шара аясында түрлі құқықтық мәселелер бойынша жүгінген шамамен 350 азамат қабылданды. Әрбір өтініш бойынша қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқықтық сүйемелдеу көрсетілді.

Осындай шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға және азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1221662?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version