Маңғыстауда сотталған ер адам қоғамдық жұмысқа тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған жергілікті тұрғын сот үкімімен белгіленген мәжбүрлі еңбек жазасын өтеуге кірісті.

Қазіргі таңда аудандық пробация қызметінің бақылауында 60-тан астам тұлға бар. Олармен заң талаптарына сәйкес тұрақты түрде тәрбиелік жұмыстар жүргізіліп, тиісті бақылау орнатылған.

Жақында 33 жастағы жергілікті тұрғын сот шешімімен белгіленген жазасын өтеуді бастады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Сонымен қатар, сот үкіміне сәйкес оған 80 сағаттық мәжбүрлі еңбек жазасы қоса берілген.

“Мәжбүрлі еңбек – бұл тек жаза емес, сонымен қатар адамның қоғам алдындағы қателігін еңбекпен өтеуіне мүмкіндік беретін тәрбие құралы. Егер сотталған азамат бұл жұмыстан бас тартса немесе тәртіп бұзса, жазаның бұл түрі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін”, – деп түсіндірді Түпқараған аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет аға лейтенанты Азамат Бекеев.

Сотталған тұлға қазіргі уақытта ауылдық әкімдік белгілеген нысандарда жұмыс істеуде. Ол көшелерді абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу және аумақты күл-қоқыстан тазарту секілді қоғамдық пайдалы істермен айналысып жатыр. Оның жұмыс уақыты мен еңбек тәртібін пробация қызметінің мамандары қатаң қадағалауға алған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1221779?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version