Халықаралық отбасы күнінде Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Рамиль Камалов ШҚО ТЖД №7 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау органдарында 15 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан Жасұлан Оспановтың отбасына жаңа қызметтік пәтердің кілтін табыстады.
Жаңа баспана тұруға толық дайын. Ол қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен жабдықталған. Бұл құтқарушының отбасына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Қызметкерлерді қолдау және олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту – ТЖМ жұмысының басым бағыттарының бірі.
Дереккөз: ШҚО ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1221794?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау