Тимирязев ауданында білім бөлімі қызметкерлері Тимирязев аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23:00-ден кейін қоғамдық орындарда жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар өткізді.
Рейд барысында жасөспірімдер мен ата-аналарға заң талаптарын сақтау, балалардың түнгі уақытта үйден тыс жерде жүруіне байланысты жауапкершілік, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осындай іс-шаралар балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tmr-roo/press/news/details/1221768?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау