1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Ащыбұлақ ауылдық округінде мерекелік іс-шара өтті. Бұл мерекелі күн – ел бірлігі мен ынтымағын, өзара құрмет пен сыйластықты айшықтайтын ерекше күн. Іс-шара барысында қоғам дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс білдіріліп, татулық пен келісімнің маңызы кеңінен насихатталды. Алғыс айту күні – өткенге тағзым жасап, бүгінге шүкір айтып, болашаққа сеніммен қарауға үндейтін тағылымы мол мереке.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-ashchybulak/press/news/details/1222436?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау