2026 жылғы 12–13 мамыр күндері Департамент қызметкерлерімен білім беру қызметімен айналысуға лицензияға қосымша берілгенге дейін рұқсаттық бақылау жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 12–13 мамыр күндері Департамент қызметкерлерімен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжі» КМҚК және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Кәмшат Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледж» КМҚК  білім беру қызметімен айналысуға лицензияға қосымша берілгенге дейін рұқсаттық бақылау жүргізілді. Рұқсаттық бақылау барысында білім беру ұйымдарының кадрлық құрамы талданып, сапалы білім беру үрдісін қамтамасыз етуге арналған жағдайлар зерделенді. Атап айтқанда, материалдық-техникалық база, медициналық қызмет көрсету, тамақтандыруды ұйымдастыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға жағдай жасау және біліктілік талаптарында көзделген өзге де мәселелер қарастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-kostanay/press/news/details/1222773?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version