2026 жылғы 13 мамырда Департамент жанындағы Лицензиялық комиссияның отырысы өтті. Отырыста Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжі» КМҚК және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Кәмшат Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледж» КМҚК білім беру қызметімен айналысуға лицензияға қосымша берілгенге дейін жүргізілген рұқсат беру бақылауының қорытындылары бойынша әзірленген қорытындылар қаралды. Лицензиялық комиссияның шешімімен аталған білім беру ұйымдарына рұқсат беру құжаттарын беру ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-kostanay/press/news/details/1222782?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау