2026 жылғы 18 мамырда Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында облыс әкімінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы Төлегенұлы Бақтиярдың қатысуымен «Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі» тақырыбында семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 18 мамырда Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында облыс әкімінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы Төлегенұлы Бақтиярдың қатысуымен «Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі» тақырыбында семинар өтті.  

Семинарға басқарманың мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ еңбек мобильділігі орталығының, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының, мансап орталықтардың, «Жанұя» отбасын қолдау орталығының және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мамандары қатысты. Қатысушылардың бір бөлігі іс-шараға Zoom платформасы арқылы қосылды.

Семинар барысында азаматтардың өтініштерін қарау тәртібін жетілдіру, жауаптардың уақтылы және сапалы берілуін қамтамасыз ету, өтініштерді қараудың белгіленген мерзімдерін сақтау, сондай-ақ халықпен кері байланысты күшейту мәселелері қаралды.

Барлық келіп түскен сұрақтар бойынша қатысушыларға тиісті түсініктемелер мен практикалық ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-social/press/news/details/1222690?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version