2026 жылғы 6 мамырда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Қоршаған ортаны қорғауға бөлінген жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде бюджетке қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы түріндегі арнайы түсімдерді жоспарлау және пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары шығарылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        Отырыс жұмысына мемлекеттік аудит объектілерінің – Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының өкілдері қатысты.

        Мемлекеттік аудит барысында бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз жоспарлау және пайдалану фактілері, сондай-ақ рәсімдік бұзушылықтар мен жүйелік кемшіліктер анықталды.

        Мемлекеттік аудит объектілерінің атына және басқа да мүдделі тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою туралы аудиторлық қорытынды мен ұйғарымдар, нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, қаралатын саладағы басқару сапасын арттыру бойынша ұсынымдар жіберілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1222020?lang=kk

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version