Абай облысында кәмелетке толмаған баласын бағып-қағуға арналған алиментті өндіру туралы сот шешімін ұзақ уақыт орындамаған Семей қаласының 38 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру аяқталды.
Сот актісіне сәйкес, ер адамнан ай сайын табысының 1/4 бөлігі көлемінде алимент өндіру белгіленген. Алайда ол бұл міндеттемелерді жүйелі түрде орындамаған.
2020 жылдан бергі қарыз сомасы 4 911 189 теңгені құрады. Оның әрекеті Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабына сәйкес сараланды.
Сот оны 1 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасына тартып, пробациялық бақылау белгіледі. Сотталғанға тұрғылықты жері мен жұмысын уәкілетті органның рұқсатынсыз өзгертуге, ойын-сауық орындары мен алкоголь өнімдерін сату нүктелеріне баруға, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі және психотроптық заттарды қолдануға, 22:00-ден 06:00-ге дейін үйден шығуға тыйым салынып, өңір аумағынан уәкілетті органның келісімінсіз шығуға болмайтыны белгіленді. Сондай-ақ ол өзінің асырауындағы тұлғаларды қамтамасыз етуге міндетті.
Тұрақты жұмысы болмаған жағдайда, сотталған жыл сайын 100 сағат көлемінде мәжбүрлі еңбекке тартылады.
Әрбір алимент – бұл жай ғана қаржы емес, бұл баланың болашағына, тәрбиесіне және қамқорлығына қосылған үлес. Заң талабын орындау – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Баланың тағдырына бейжай қарамау, өз міндетін адал атқару – әрбір ата-ананың адамгершілік парызы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1222901?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау