Курчатов қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласына жүргізілген талдау барысында қаладағы балабақшалардың бірінің 75 қызметкерінің дербес деректерінің таралуына байланысты заңнама бұзушылықтарын анықтады.
Білім беру мекемесі қызметкерлерді мерзімдік медициналық тексеруден өткізу бойынша конкурс жариялау кезінде ашық қолжетімділікке қызметкерлердің толық сауалнамалық деректерін, ЖСН-ін және өзге де құпия ақпаратты қамтитын тізімді орналастырған.
Қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлғалар оның құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті және дербес деректерді субъектінің келісімінсіз немесе заңды негіздерсіз таратуға құқылы емес.
Мекеме басшылығы тарапынан аталған талаптардың сақталмауы дербес ақпараттың құқыққа қайшы мақсаттарда пайдаланылу қаупін туындатқан.
Прокуратура қабылдаған шаралар нәтижесінде көрсетілген бұзушылықтар жойылып, кінәлі лауазымды тұлға ҚР ӘҚБтК 79-бабы 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша 432 500 теңге мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Абай облысының прокуратурасы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда.
Абай облысының прокуратурасы
#Әділеттілік
#КүшЗаңда
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1222496?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау