“Адал ұрпақ” аудандық мектеп клубтарының форумы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
29 сәуірде аудандық мәдениет үйінің базасында “Адал ұрпақ” мектеп клубтарының аудандық форумы өтті. Іс-шараға 9 мектеп клубы қатысып, өз қызметінің тұсаукесерлерін ұсынды, үгіт-насихат бригадалары байқауында шығармашылық көзқарасын көрсетті, зияткерлік викториналар мен капитандар байқауына қатысты.
Форум қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I орын — Новопокровка орта мектебінің “Адал ұрпақ” мектеп клубы
II орын — Е.Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясы
III орын — Е.Шайкин атындағы мектеп-лицейі
Сондай ақ жекелеген номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
«Ең креативті команда» — Каратал ОМ
«Үздік капитан» — Кенес ОМ
«Үздік агитбригада» — Акан-Барак ОМ
Форум тәжірибе алмасу, көшбасшылық қасиеттерді дамыту және оқушылар арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін тамаша алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1222151?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version