Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

17 мамыр сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін Мұстафин көшесінен Науаи көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толық жабылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген тақта орнатылады. Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске саламыз, қозғалысқа енгізілетін барлық шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» қосымшаларында жарияланады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1222356?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version