Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан чемпионаты аяқталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласында спорттық құзға өрмелеуден ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

Жарыстың соңғы күні жылдамдық сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Нәтижелері мынадай:

Ерлер:
🥇 Әлішер Мұрат (Қарағанды облысы)
🥈 Рашид Хайбуллин (Алматы қаласы)
🥉 Ришат Хайбуллин (Алматы қаласы)

Әйелдер:
🥇 Анна Баларшина (Қарағанды облысы)
🥈 Тамара Ұлжабаева (Шымкент қаласы)
🥉 Әсель Марленова (Астана қаласы)

Командалық есеп:
🥇 Қарағанды облысы (279 ұпай)
🥈 Алматы қаласы (223 ұпай)
🥉 Шымкент қаласы (167 ұпай)

Айта кетейік, аталған бағдарлама бойынша ел чемпионатына барлығы 60-қа жуық спортшы қатысты. Сондай-ақ марапаттау рәсімінде жуырда Қытайдың Санья қаласында өткен VI Азия жағажай ойындарының қола жүлдегерлері Ришат пен Рашид Хайбуллиндерге федерация атынан ақшалай сыйлықтар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1222337?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version