2026 жылғы 12-13 мамыр күні Астана қаласында мектеп оқушылары арасында «Robotek Grand Tournament Astana 2026» Халықаралық робототехника чемпионаты өтті. Ауқымды технологиялық дода Қазақстан мен шетелдердің үздік жас инженерлерін бір алаңға жинады.
Чемпионатқа еліміздің 17 аймағынан, 3 республикалық маңызы бар қаласынан және шет мемлекеттерден келген ең үздік құрамалар бақ сынады. Жарысқа 400-ден астам оқушы қатысып, бұл халықаралық дода жас өнертапқыштар үшін ерекше мерекеге айналды.
«Robotek Grand Tournament» алаңында Қазақстаннан 175 команда мен шетелден келген 40 команда бас қосты.
Биылғы жарыста Ақмола облысының намысын облыстық кезең жеңімпаздарынан құралған 12 талантты оқушы қорғады. Олар түрлі бағыттар бойынша сынға түсіп, жоғары деңгейдегі дайындықтарын дәлелдеді.
«Инверсттік сызық бойымен жарыс» номинациясы бойынша, «Forever» командасы Омарханова Диана – Көкшетау қаласының № 12 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
«Инверсттік сызық бойымен жарыс» номинациясы бойынша, «Forever» командасы Богумбай Зере – Көкшетау қаласының № 12 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
«Жеткізуші робот» номинациясы бойынша, «RoboSport» командасы Абдильман Дидар – Зеренді ауданы, Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
«Жеткізуші робот» номинациясы бойынша, «RoboSport» командасы Булаткан Диас – Зеренді ауданы, Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы;
«Мерген» номинациясы бойынша, «Aqadyr» командасы Жухай Дастан – Зеренді ауданы, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
«Мерген» номинациясы бойынша, «Aqadyr» командасы Зибат Данияр – Зеренді ауданы, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
«Туды жеткізу» номинациясы бойынша, «69Eleven» командасы Лашынтай Фархат – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;
«Туды жеткізу» номинациясы бойынша, «69Eleven» командасы Сәду Мейрам – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;
«Сұрыптаушы робот» номинациясы бойынша, «IsakovRobotics» командасы Полынин Никита – Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының Кеңес Одағының Батыры Петр Михайлович Исаков атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
«Сұрыптаушы робот» номинациясы бойынша, «IsakovRobotics» командасы Жумабаев Алидар – Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының Кеңес Одағының Батыры Петр Михайлович Исаков атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
«РобоБаскетбол» номинациясы бойынша, «Джон Сина» командасы Булат Әбілмансұр – «BOLASHAQ SARAIY» 10-сынып оқушысы;
«РобоБаскетбол» номинациясы бойынша, «Джон Сина» командасы Жылқайдар Асылхан – «BOLASHAQ SARAIY» 10-сынып оқушысы.
Жарыстар «Роботек», «Инверстік сызық бойымен жарыс», «Жеткізуші робот», «Мерген», «Туды жеткізу», «Сұрыптаушы робот», «РобоБаскетбол» бағыттары бойынша өтті.
Халықаралық робототехника чемпионаттың қорытындысы бойынша ІІ-дәрежелі дипломмен:
Омарханова Диана
Богумбай Зере
Полынин Никита
Жумабаев Алидар мараптталды
Сонымен қатар, Сәду Мейрам Toraighyrov университетінің білім грантын иеленді.
Ақмолалық оқушылардың халықаралық додадағы табысты өнер көрсетуі өңірде инженерлік ойлау мен робототехника бағыттарының қарқынды дамып келе жатқанын айқын көрсетті. Бүгінгі жас өнертапқыштар — ертеңгі технологиялық серпілістің авторлары.
Жас инженерлер мен олардың жетекшілерін жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1222184?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау